Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәби аман қалмады: Қарағандыда аяғы ауыр әйел коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Қарағандылық жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қарағандыда аяғы ауыр келіншек коронавирустан көз жұмды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әйел жүктіліктің 22 аптасында жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер ода COVID-19-дың барын растады.

Инфекция салдарынан науқастың жағдайы күрт нашарлай бастағандығы хабарланды. Ол 10 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан.

Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, жүкті келіншек Қарағанды ​​ауруханасында қайтыс болды.

Оның құрсағындағы алты айлық сәбиді де аман алып қалу мүмкін болмапты. Әйел 33 жаста болған еді.

Айта кетейік, бүгінде облыста COVID-19-дың 6,4 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Қазірдің өзінде бұл жерде пандемиядан 75 адам қайтыс болды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, республикада 63,5 мыңнан астам жағдай анықталған, олардың жартысынан көбі жазылып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1759 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 63 514-ға жетіп отыр.

Сондай-ақ, айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864967-karagandyda-aagy-auyr-kelinsek-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel