Выйти
RU

Хат жазып кеткен: Несиесін төлей алмаған БҚО тұрғыны өзін-өзі атып тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Марқұмның денесі 11 шілде түстен кейін Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылдық округіндегі жазғы үйден табылды. Бұған дейін ол қарызын қайтара алмағаны үшін өзін-өзі атып тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БҚО тұрғыны несие үшін өзін-өзі атып тастады

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Мой город" порталының мәліметінше, оқ аңшылық мылтықтан дәл жүрек тұсына атылған. Дененің жанынан өлер алдында жазылған жазба табылды.

Онда ер адам өзінің өліміне ешкімді кінәламайтынын айтқан. Сондай-ақ, ол бұл қадамға несие бойынша міндеттемелерін төлей алмағаны үшін барғаны жазылды.

Облыстық полиция департаменті басылымға бұл іс "суицидке әкелу" бабы бойынша қаралып жатқандығы туралы хабарланды.

42 жастағы ер адамның мүрдесі Чапаев ауылына жақын жерде орналасқан үйінен табылған.

Марқұмның хаты сол орыннан тәркіленді. Оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда.

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтанда ер адам бұрынғы әйелін 8 рет пышақтаған

Естеріңізге сала кетейік, БҚО-да әйелі мен балаларын өртеп жіберген азамат өзін-өзі өлтірмек болған еді.

9 сәуір күні түнгі сағат 2 шамасында БҚО Тасқалы ауданы Ақтау ауылындағы жекеменшік үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.

Полиция оқиға орнында келіншек пен кәмелетке толмаған екі қызының күйген денесі табылғанын мәлімдеді.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 99- бабы (Кісі өлтіру) бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Хат жазып кеткен: Несиесін төлей алмаған БҚО тұрғыны өзін-өзі атып тастады