Выйти
RU

Қызылорда облысында жедел жәрдем науқастарға велосипедпен баруға мәжбүр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жедел жәрдем қызметі шақыртуларға велосипедпен баруға мәжбүр. Тартоғай ауылының ақ халаттылары "дені дұрыс көлікке" жете алмай жүргендерін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы: Instagram

Телеарна мәліметше, елдімекендегі жедел жәрдем көлігінің техникалық жағдайы сын көтермейді. Жүргізушілер бүгінде көліктің тежегіші істен шыққанын жайып салған.

Олардың сөзінше, 17 жыл бойы пайдаланылған техниканың жүргенінен тұрғаны көп. Сол себепті дәрігерлер оған сенуден қалыпты.

Жергілікті тұрғындар індет кезінде шақыртуға дәрігерлер арнайы техникамен келудің орнына велосипед теуіп жүргеніне ашулы екендерін жеткізді.

"Иә бұнда дені дұрыс жедел жәрдем жоқ. Ауылдағы дәрігерлерді кінәләй беруге болмайды. Атасына мың да бір рақмет. Күн шақырсаң күн келеді, түн шақырсаң түн келеді, жаяу келеді, велосипедпен келеді, болмаса өзіміздің көлігімізбен алып келеміз", - деді Тартоғай ауылының тұрғыны Бердібек Ершоқаев.

Тағы да оқыңыздар

Алексей Цой вируспен күресте құрбан болған дәрігерлерді қимастықпен еске алды

Дәрігерлік амбулатория қызметкерлері пациенттерді тасымал мәселесі расында қиын екенін жасырмады. Олардың айтуынша, бұл жағдайдан аудан мен облыста отырған басшылар да хабардар екен.

"Жедел-жәрдем машинасы өте ескі болғандықтан бұзылып, жүруге жарамсыз болып қалады. Сондай кездерде біздің жетуіміз қиын болып, велосипедпен, кейде жаяу, жеке машиналармен барып қызмет көрсетеміз. Аудан, облыс көлемінде ауыр науқастарды жеткізу кезінде енді бір-екі жағдайлар болды жеке таксилерге жағдай айтқан күндеріміз", - деді Тартоғай дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігерінің міндетін атқарушы Рақымжан Палымбетов.

Тартоғайлықтар ауыл әкіміне де өкпелі екендерін айтты. Олар елді індет жайлаған кезде басшы дәрігерлерге де, халыққа да еш көмек бермеді деп отыр.

"Әкімнің тарапынан ешқандай көмек жоқ. О баста бұл жерде екі жедел жәрдем болған. Жиналыс болып, жаңа жедел жәрдемді ауданға алды да кетті. Сол кезде осы әкім өзі жауап берген: "мен қарап, өзім көлік тауып беремін" деп. Бұл жедел жәрдемнің Тартоғайға қажеті жоқ деп шығарып салған", - деді Тартоғай ауылының тұрғыны Бердібек Ершоқаев.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда дәріхана басшысы тексеруге келген депутатты сыртқа қуып шықты

Осы сынға жергілікті әкім өз пікірін білдіруді ұмытпады.

"Ауыстырылған көлік жақсы жүріп тұр қазір. Енді оның жүруі көбіне жүргізушіге байланысты. Оған қоса мобильдік топ құрылған ауылда. Барлық мекеме басшылары, мекеменің көліктері кез-келген уақытта біз жәрдем беруге дайын тұрамыз", - деді Тартоғай ауылдық округының әкімі Досмат Сүйіндік.

Елдімекен басшысының "халыққа көмек беріп жатырмыз" деген сөзін ауылдың бас дәрігері жоққа шығарды.

Тіпті ол аздай індетпен күресіп жатқан ақ халаттыларды сенбілікке шығарып қойған көрінеді.

"Күн демей, түн демей жұмыс жасап жатырмыз. Соған қарамастан алтыншы күні бізге қоңырау шалып, сенбілікке шығыңдар деді. Біз қанша шаршап жатсақ та ұялғанымыздан көшеге шығып, қоқыстарды тазалаймыз, олардың барлығын өртеп қайтамыз", - деді Тартоғай ауылдық амбулаториясының лаборанты Шайгүл Қожантаева.

Тағы да оқыңыздар

Алматыға 1 миллионнан астам парацетамол жеткізілді

Ал Шиелі ауданының бас дәрігері жақын арада ауданға 5 су жаңа жедел-жәрдем көлігі әкелінетінін  жеткізді. Оның біреуін осы Тартоғайға береміз деп уәде берді.

Айта кетейік, Тартоғай ауылында пневмонияға шалдыққан 13 адам тіркелсе, оның төртеуі аудан орталығындағы ауруханада жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылорда облысында жедел жәрдем науқастарға велосипедпен баруға мәжбүр