RU

Ұлттық кітапхананың бұрынғы басшысы Жанат Сейдуманов өмірден өтті

Алматыда Ұлттық кітапхананың бұрынғы басшысы Жанат Сейдуманов қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

оооооооооо
Жанат Сейдуманов. Фото: газета "Время" / Владимир Заикин: Facebook

Жанат Тұрарұлы Сейдуманов 60 жасында өмірден өткен.

"Жерлеу рәсімі жақын туыстарына ғана ұйымдастырылады. Кітапхананың өзінде марқұммен қоштасу жоспарланбайды", - дейді кітапхананың баспасөз қызметі.

Жанат Сейдуманов 1960 жылы Тараз қаласында дүниеге келген, Мәскеу технологиялық институтын, кейіннен Алматыдағы КИМЭП-ті бітірген.

1992 жылы Қазақ ұлттық мәдениет қорының басшысы, 1993 жылдан бастап баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің көмекшісі болып жұмыс істеген, содан кейін "Қос канат" корпорациясының президенті болды.

1999 жылы ол Талғар қаласының әкімі лауазымына тағайындалып, 2000 жылы Аймақтық экономика комитетінде қызмет атқарды.

Ұзақ кәсіби мансабынан кейін, 2006 жылы Жанат Сейдуманов Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры болып, он жыл басқарған. 2016 жылы Ұлттық кітапхананың меңгерушісі болды.

"Құрмет" орденімен, сонымен қатар бірқатар марапаттар мен алғыс хаттармен марапатталған. Оған қоса саяси ғылымдардың кандидаты атанып, бес монография және басқа да еңбектер жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864996-lttyk-kitaphanany-bryngy-bassysy-zanat-sejdumanov-kajtys-boldy.html