Выйти
RU

Ерні мен тісі адамға ұқсайтын балық әлем жұртшылығын таңғалдыруда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары "адами" аузы бар балықтың суретін жаппай талқылауда. Таңғажайып кадр вирустық сипатқа ие болып, мыңдаған лүпіл жинады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерні балық

Фото: twitter.com/raff_nasir: UGC

Сурет @raff_nasir аккаунтында пайда болды.

Фотосурет 8 мыңнан астам пікір мен 14 мыңнан астам лүпілге ие болды деп жазады NDTV.

Пайдаланушылар балықтың ернін өздерінің ернімен салыстырып, оны түрлі страздармен безендіре отырып, коллаждар жасап шығарды.

"Анджелина Джоли жағасын ұстаған шығар мұны көріп", "Мына балық маған қарағанда әлдеқайда тартымды ғой", "Мына балықтың ерні менікінен әдемі", - деп жарыса жазды олар.

Адамның еріні мен тісіне ұқсас ерні бар балықтардың ағылшынша атауы - триггерфиш.

Оның тістері мен жақтары өте мықты және ұлулар мен теңіз кірпілерінің қабығын тістеуге арналған.

Тағы да оқыңыздар

Бейіт басындағы қарбалас: Елімізде жерлеу рәсімі үш есеге артқан

  • Мұндай балықпен "кездескен" адам қатты жарақат алуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, теңіз түбінде тіршілік ететін құбыжықтар жайлы жазған едік.

Роман Федоров есімді балықшы желіде ерекше суреттерімен танымал болуда. Ер адамның жеке парақшасынан балықтан бөлек көптеген адам сенгісіз теңіз құбыжықтарының суретін көруге болады.

Романның Instagram парақшасына жарты миллионнан астам адам жазылған. Оған әлемнің әр бұрышынан оқырмандары жазады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ерні мен тісі адамға ұқсайтын балық әлем жұртшылығын таңғалдыруда