RU

Бейіт басындағы қарбалас: Елімізде жерлеу рәсімі үш есеге артқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде бейіт басындағы видео тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті. Көңіл жабырқатар көріністі көпшілік коронавируспен байланыстыруда. Жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар да тапсырыстың бірден үш есеге артқанын айтып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/youtube.com/Shokan Alkhabayev

Видеодан кадр/youtube.com/Shokan Alkhabayev: UGC

Видеода қорымды Талдықорған шетіндегі Еркін ауылында орналасқан деп көрсеткен. Кадрдан тау бөктеріндегі зираттың етегі жаңа молаларға толғанын байқауға болады.

Телеарна тілшілері мәселенің байыбына үңілуге Алматыдағы Кеңсай қорымына барған Олар жер қазып жатқан қабіршілер көп екенін жеткізді.

Бейітке ескерткіш тас дайындайтын шеберлер де мұнда беттеген қаралы көштің көбейгенін растап отыр.

"Жерлеу көбейіп жатыр. Бұрын осындай жиі жерлеуді байқамаппын", - деді олар.

Оңтүстік астанадағы жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтың бірі қазір күніне орташа 80 адамды соңғы сапарға аттандырамыз деп отыр. Олардың сөзінше, бұрын бұл көрсеткіш екі жарым есе аз болған екен.

Тағы да оқыңыздар

"Дәрігерлер мен медбикелер жоқ": Қырғызстанда ер адам ауруханадағы бос дәліздерді көрсетті (видео)

"Бұрын күніне 27 -28 адам, 25 адам қайтыс болса, қазір күніге, бүгін, мысалы, 80 адам.  Бұрын арнайы қорым, бөлек зират болған. Қазір кез келген зиратқа қойып жатырмыз", жерлеу рәсімі орталығының өкілі Марат Исмаилов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 64 мыңға жуық адамнан анықталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Кэролайн Кларинваль еліміздегі "белгісіз" пневмонияға қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейіт басындағы қарбалас: Елімізде жерлеу рәсімі үш есеге артқан