Выйти
RU

Аза тұту күні дәрігерлерді көшеге шығару бастамасын кім көтергені белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық Аза тұту күнінде дәрігерлердің көшеге шығып, бір минут үнсіздік рәсімін өткізуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр: UGC

Бұл туралы Людмила Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан көз жұмғандарды еске алу құрметіне флешмоб өткізуді ұсынған жоқ. Бұл әрбір жанның азаматтық парызы деп ойлаймын. Ақ халаттыларды көшеге шығару туралы бастаманы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы көтерді", - деді министрдің орынбасары.

Бюрабекованың сөзінше, денсаулық сақтау министрлігі тек санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырған.

Ол флешмоб үшін жазалау орынсыз деп санайды. Себебі бұл азаматтардың өз бастамасы.

"Олар қайтыс болғандарды құрметпен еске алды, сол себепті, менің ойымша, бұл ретте жазалау мәселесі көтерілмеуі керек", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев қазақстандықтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Еске сала кетейік, 13 шілде Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Қаралы күні Шымкентте дәрігерлер жол бойына шығып, бір минут үнсіздік рәсіміне қатысқан. Әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықтардың наразылығын туғызды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Аза тұту күні дәрігерлерді көшеге шығару бастамасын кім көтергені белгілі болды