Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дисней ханшайымдарының кейпіне енгенді жақсы көретін жігіт жайлы не білеміз

Опубликовано:

25 жастағы бет әрлеуші Ричард Шэфер опа-далаптың көмегімен өзінің сүйікті Дисней мультфильмдеріндегі ханшайымдардың кейпіне еніп жүр. Ричардтың өнері кей адамдарды таңғалдырады деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-сайтына сілтеме жасап.

Дисней ханшайымдарының рөліне енген жігіт жаға ұстатты
Фото: instagram.com/therichardarthur: UGC

Ричард 2012 жылдан бері өзін мультфильм кейіпкерлері секілді әрлеп жүрген. Қазіргі таңда оған толық образ жасау үшін небәрі екі сағат қажет.

Ричард мектепте оқып жүргенде қатарластары оны мазақ ететін болған. Олардың келемеждеуін уақытша ұмыта тұру үшін Ричард тігін тігуді үйрене бастаған.

Қазіргі таңда Ричард үстіндегі барлық костюмдерді өзі тігеді.

Осөзінше, ол әртүрлі образдарға ену арқылы өзін біршама сенімді сезінеді екен.

Айта кету керек, Ричардтың Instagram-дағы парақшасында 200 мыңнан астам оқырманы бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін азиялық блогерлердің макияжға дейінгі және кейінгі келбетінің жұртты таңырқатқаны туралы жазған едік.

Азиялық арулардың бет әлпеті боянғаннан кейін түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Олар кейде қарындаштардың көмегімен екінші қабақтың суретін салып, көздерін үлкейтіп жатады.

Соңғы кездері тіпті, толық бетті жапсырмалы лентаның көмегімен бірнеше секундта арықтатып, қолдан қыр мұрын жасап алатын тәсілдер де пайда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1865024-disnej-hansajymdaryny-rline-engen-zigit-zaga-statty/

pixel