Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Қытайдың "өлімге әкеп соғатын" пневмония жайлы мәлімдемесіне пікір білдірді

Опубликовано:

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі елдегі пневмонияға байланысты ақпарат дереккөздерін еркін интерпретациялауға жол бермеуге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

СІМ Қытайдың "өлімге әкеп соғатын" пневмония жайлы мәлімдемесіне пікір білдірді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Орталық коммуникациялар қызметінде гуманитарлық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде онлайн брифинг өтті.

БАҚ өкілдері Қазақстан осы уақытқа дейін коронавирус пен пневмония бойынша бөлек статистика жүргізгенін айтты. Нәтижесінде Қазақстандағы Қытай елшілігі елде белгісіз өлімге әкеп соғатын пневмония пайда болды деп шешіп, өз азаматтарына ескертуге асыққан.

9 шілде күні Қазақстандағы Қытай елшілігі өз азаматтарына республикадағы өлімге әкеп соғатын пневмония жайлы ескерткен.

Жарияланған хабарламада қазақстандық БАҚ деректеріне сәйкес, маусым айының ортасында Атырау, Ақтөбе және Шымкентте пневмонияға шалдыққандар күрт өскені айтылған.

Қазіргі уақытта науқастар саны 500-ге жуық, 30-дан аса адам ауыр халде жатыр. Осы жылдың алғашқы жартысында пневмониядан 1772 адам қайтыс болған. Тек маусым айының өзінде Қытай азаматтарын қосқанда 628 адам көз жұмған.

"Бұл Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты әлемдік БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Кейіннен Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты теріске шығарды. Ал сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша қытайлық елшіге наразылық жариялады ма?", - деп сұрады журналистер.

Бұл сұраққа сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев жуап берді. Ол бұл жаңалық шыққан соң жаңа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Қазақстандағы ҚХР елшісімен телефон арқылы сөйлескен.

Оның сөзінше, әңгіме барысында Денсаулық сақтау министрлігі статистика қалай жүргізілетінін түсіндірген.

Нәтижесінде, екі тарап эпидемияға қарсы қызметті объективті ақпараттың маңыздылығын және Қазақстандағы пневмония туралы ақпараттық көздерді еркін интерпретациялауға жол берілмейтінін атап өткен.

Айта кетейік, осыған дейін бұл ақпаратқа қатысты Денсаулық сақтау минитрлігі жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1865028-sim-kytajdy-limge-kep-sogatyn-pnevmonia-zajly-mlimdemesine-pikir-bildirdi/

pixel