RU

UFC рейтингінде көш бастап тұрған спортшыдан коронавирус анықталды

Жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде көш бастап тұрған бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Марлон Мораес өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Марлон Мораес. Фото: cageside.ru
Марлон Мораес. Фото: cageside.ru: Facebook
"Өкінішке орай, әйелім екеуміз вирус жұқтырдық. Әлсіздік пайда болып, ауру белгілері байқалды. Құдайға шүкір, ауруханаға жатпадым, бірақ ол жерге жұбайымды апаруым керек болды. Ауруханада бір күн болдық. Ол дәрі-дәрмек қабылдап, кейін дәрігерлердің бақылауында қалды", – дейді Мораес.

Бразилиялық спортшы аралас жекпе-жектерде 23 рет жеңіске жетті, 6 рет жеңіліс тауып, бір кездесуде тең нәтижеге ие болған. Ол жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде көш бастап тұр.

Айта кетейік, жақында аталған салмақ санатында ресейлік спортшы Петр Ян чемпиондық белбеуге ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін екі салмақ дәрежесінде UFC-нің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегордың коронавирус пандемиясымен күресу үшін отаны Ирландияға 1 миллион еуро бөлгенін хабарлағанбыз.

31 жастағы спортшы мессенджердің бірінде Ирландияның қаржы министрі Паскаль Донохьюмен хат алмасқан сәтінің скриншоттарын желідегі парақшасында жариялаған.

"Мен барлық ауруханаларға орналастыру үшін 1 миллион еуро тұратын жеке қорғаныс құралдарына қаржы бөлемін", - деп жазды МакГрегор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865040-ufc-rejtinginde-ks-bastap-trgan-sportsydan-koronavirus-anyktaldy.html