RU

Қазақстанға гуманитарлық көмек тасыған ұшқыш пневмониядан көз жұмды

Telegram logo VKontakte logo

Гуманитарлық жүктерді жеткізу бойынша рейстерді орындауға белсенді атсалысқан қазақстандық ұшқыш Болат Серікбаев пневмониядан көз жұмды. Оның әуе тасымалдау ісінде 38 жылдық тәжірибесі бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстанға гуманитарлық көмек тасыған ұшқыш пневмониядан көз жұмды

Болат Серікбаев. Фото: ztb_kz: Getty Images

Бастапқыда Болат Серікбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

"Өкпесі 95 пайыз қабынған", - делінген еді жазбада.

Ұшқыш өлімін SCAT әуе компаниясы растаған. Онда марқұмның аурумен күресіп қайтыс болғанын мәлімдеген.

"Біздің компания үшін қайғылы жағдай. Болат Мұсаұлы өз ісінің нағыз маманы еді. Boeing-757 және Boeing-767 типті әуе кемелері командирінің 38 жылдық еңбек өтілі бар. Ол гуманитарлық жүктерді жеткізу және отандастарымызды елге қайтару бойынша рейстерді орындауға белсенді қатысты", - дейді әуе компанияның баспасөз қызметінен.

Тағы да оқыңыздар

Бейіт басындағы қарбалас: Елімізде жерлеу рәсімі үш есеге артқан

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында да ұшқыш халыққа көмек көрсету үшін қолынан келгенін жасаған.

KAZ.NUR.KZ марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық кітапхананың бұрынғы басшысы Жанат Тұрарұлы Сейдумановтың, күні кеше ел арасында кеңінен танылған "Тамшылар ", "Есіл ағады" сияқты әндердің авторы, композитор Ахмедия Есмұханов дүниеден озғаны хабарланды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанға гуманитарлық көмек тасыған ұшқыш пневмониядан көз жұмды