RU

"СҚ-Фармация" неліктен 2 ай бойы гуманитарлық көмекті таратпаған

Денсаулық сақтау министрлігі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте "СҚ-Фармация" Қазақстанға басқа елдерден келіп жатқан гуманитарлық көмекті неліктен 2 ай бойы таратпағанын айтты. Белгілі болғандай көмекті ел аумағында тарату үшін компанияның құзыреттілігі болмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі "СҚ-Фармация" 2 ай бойы гуманитарлық көмекті неліктен таратпай жатқанын түсіндірді
Фото: pixabay.com: UGC

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова түсіндіргендей, коронавирус індетіне дейін "СҚ-Фармацияның" гуманитарлық көмек таратуға құқығы болмаған. Ал пандемия басталғалы заңға өзгеріс енгізу қажет болған.

"Құжаттар рәсімделді. Енді "СҚ-Фармация" бұнымен заңнамалық деңгейде айналыса алады", – дейді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, Түркиядан жақында келген жүкті қоспағанда, барлық гуманитарлық көмек аймақтарға жеткізілген.

"Бізде құқықтық режимде үзіліс болды, бірақ гуманитарлық көмек алуға қатысты айтсақ, ондағы көлем азғантай ғана, ең үлкен жеткізілім – 100 мың Хлорохин таблеткасы және 90 мың гидроксихлорокин, одан кейін Авиган 12 мың пакет және басқалар болды", – дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, елдегі дәрі-дәрмектердің негізгі бөлігін мемлекет пен жергілікті компаниялар қамтамасыз етеді. Сәуір-шілде айларында Қазақстанға 8 рет гуманитарлық көмек келіп түскен.

Ашықбаевтың сөзінше, мамырдың ортасында Пәкістан, Жапония және Түркиядан гуманитарлық көмек келген. Барлық жеткізілімдер алдын ала рәсімделген. "СҚ-Фармация" заңдық шектеулері оларға қатысты болмаған.

8 және 10 шілдеде Ресейден және 14 шілде Түркиядан келген препараттар "СҚ-Фармацияға" берілген өкілеттікке байланысты рәсімделген.

Еске сала кетсек, Людмила Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында Қазақстанның Тәжікстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жеткізетіні туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865047-sk-farmacia-nelikten-2-aj-bojy-gumanitarlyk-kmekti-taratpagan.html