Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәуле Қисықова елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Сәуле Қисықова елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Басшының міндетін оның орынбасарларының бірі Әлия Рүстемова атқарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооооо
Сәуле Қисықова. Фото: аstana.gov.kz: Depositphotos

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса Сәуле Қисықованың басқарма басшысы қызметінен кеткені туралы ақпаратты растады.

"Иә, Сәуле Дүйсебекқызы (Қисықова – ред.) басқа жұмыс орнына ауысты. Ол осы аптада қызметінен кетті", – дейді баспасөз хатшысы.

Ол Қисықованың нақты қандай қызметке ауысқанын хабарламады, тек басқа ақпараттың жоқтығын жеткізді.

Баспасөз хатшысының ақпаратына сәйкес, Қисықованың орынбасарларының бірі Әлия Рүстемова басшының міндетін атқарады.

Еске сала кетсек, 7 шілде күні орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг кезінде Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жаздың алғашқы айында елордада пневмониямен ауыратындар саны өткен жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артқанын айтқан еді.

Оған қоса, елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы күнделікті ауруханаға пневмония мен коронавирус инфекциясы диагнозымен 350-400 адам түсетінін мәлімдеген болатын.

Ресми статистикаға сәйкес, бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырудың 7 149 жағдайы тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865062-sule-kisykova-elordany-densaulyk-saktau-baskarmasyny-bassysy-kyzmetinen-ketti/

pixel