RU

Филадельфияда 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін жаппай шараларға тыйым салынды

АҚШ-тың Филадельфия қаласының билігі коронавирусқа байланысты 2021 жылдың 28 ақпанына дейін шаһар аумағында жаппай шараларға тыйым салды. Бұл туралы қала мэрі Джим Кенни хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге cілтеме жасап.

В Филадельфии запретили массовые мероприятия до конца февраля 2021 года
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дағдарысқа байланысты 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ірі қоғамдық іс-шаралардан бас тартатынымызды растаймын. Мұндай шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Қала тұрғындарының, жұмысшылар мен туристердің денсаулығы мен қауіпсіздігі сақтау біздің басты міндетіміз болуы керек", – деп жазды Кенни Twitter-дегі парақшасында.

Қала басшысының айтуынша, тыйым 50-ден астам адам қатысатын іс-шараларға, оның ішінде фестивальдер, шерулер, концерттер, карнавалдар, жәрмеңкелер мен базарларға қатысты.

Бұл шектеулердің саяси наразылық шерулеріне, 25 адамға дейін ашық аспан астында өтетін спорттық жаттығуларға және жекеменшік аумақтағы шараларға қатысы жоқ.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, қазірдің өзінде АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 3,4 миллионға жеткен. 136 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желідегі жазбаларда коронавирусты жоққа шығарып, елдегі жағдайды хайп деп атаған америкалық азаматың көз жұмғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865072-filadelfiada-2021-zyldy-akpan-ajyny-soyna-dejin-zappaj-saralarga-tyjym-salyndy.html