RU

Азаматтығы жоқ этникалық қазақтар да 42 500 теңге жәрдемақы алады

Қандас мәртебесі бар этникалық қазақтар да 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы ала алады. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы өзінің Facebook парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Төлеуұлының айтуынша, тұрақты тіркеуде тұрған, “Оралман” мәртебесі бар қазақтар құқықтары жағынан тұрғылықты азаматтармен тең.

"Ешқандай кедергі жоқ. Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі. Егер жұмыс істеп жүріп, табысынан шектеулер салдарынан айырылған болса, алады", – деп жазды қауымдастықтың баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін балалар омбудсмені Аружан Саин 42 500 теңгені құрайтын жәрдемақының мөлшерін қайта қарастыруды ұсынған болатын. Оның пікірінше, бұл сома отбасындағы балалар санына негізделуі тиіс.

Сондай-ақ бұған дейін шілде айына арналған 42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтініштер қашаннан бастап қабылданатынын хабарлағанбыз.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, "президенттік" жәрдемақыны үлестіруді өткен жолғыдай мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асырады. Қазір министрлер кабинеті мен Ұлттық банк қорды қаржыландыру мәселесін шешуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865079-azamattygy-zok-etnikalyk-kazaktar-da-42-500-tege-zrdemaky-ala-alady.html