Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Исламханның спорттық мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды

Опубликовано:

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Айн" футбол клубымен келісімшарт жасауға шешім қабылдады. Жаңа келісім ұзақ мерзімге арналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бауыржан Исламхан. Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Бауыржан Исламхан. Фото: Қазақстан футбол федерациясы: Facebook

Қазақстандық жартылай қорғаушы спорттық мансабын Ресейде жалғастыруға ниеттенген, алайда, РПЛ футбол клубтары жаңа ойыншыларды алу мәселесін қарастыру үшін маусымның аяқталғанын күтіп отыр.

Оның үстіне, биылғы футбол маусымының көктемгі бөлігінде Бауыржан аталған "Аль-Айн" командасында жақсы ойынымен көзге түскен болатын.

Арабиялық клуб қазақстандық легионерді команда сапында сақтап қалуға ниетті. Олар футболшыға бірнеше жылға арналған жаңа келісімшарт ұсынды.

Алдағы күндері "Аль-Айн" Бауыржан Исламханмен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялайды.

Өткен маусымда 27 жастағы жартылай қорғаушы арабиялық команда сапында 10 матч өткізіп, бір голдың авторы атанған.

Сондай-ақ қазақстандық футболшы БАӘ чемпионатындағы ең қымбат 10 футболшының тізіміне енген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің кәсіпқой футбол лигасы футболдан Қазақстан чемпионатының уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1865088-bauyrzan-islamhanny-sporttyk-mansabyn-kajda-zalgastyratyny-belgili-boldy/

pixel