Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер: Антибиотик дәрілерді бей-берекет пайдалану ауруды асқындырады

Опубликовано:

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев антибиотик дәрілерді бей-берекет пайдалану – аурудың асқынып, пневмонияны емдеуді қиындатып жіберетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілетеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Нұрлыбаевтың сөзінше, қазір Қарағанды облысының стационарларында және дәріханаларында дәрі көлемі жеткілікті, сондықтан өз бетінше ем-дом жүргізбеген абзал.

Қарағанды облысында коронавирустық инфекция жұқтырғандарға арналған 150 реанимациялық орын бар. Олардың көбі өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықталған. Апта соңында тағы да 20 аппарат жеткізіледі. Осы аптада тағы 1 мың оттегі консентраты аппараты әкелінеді деп жоспарланған. Қазір облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастаған.    

"Соңғы аптада ЖРВИ мен пневмонияға қатысты жедел жәрдем шақыру төмендеді. Егер біз өткен айда бір тәулікте 198 шақыру қабылдасақ, ал індеттің ең жоғары жұқпалы кезеңінде ол 2 мыңға дейін жетті. Қазір соңғы 5-6 күнде төмендеп келе жатқаны байқалады. Сәйкесінше коронавирусқа қатысты емханаға жатқызылғандар да сәл де болсын бәсеңдеді. Ең қуантарлығы, емделіп шыққандардың саны жатқызылып жатқандардан көп", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Айта кетейік, бұған дейін қырғызстандық дәріргер Егор Борисов те өзін-өзі емдеу пневмонияның ауыр түріне әкелуі мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865093-driger-antibiotik-drilerdi-bej-bereket-pajdalanu-aurudy-askyndyrady/

pixel