Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда бір тәулік ішінде үш тәжірибелі дәрігер пневмониядан көз жұмды

Опубликовано:

14 шілде күні Павлодарда дәрігер-терапевт, акушер-гинеколог және тіс дәрігері қайтыс болды. Дина Литвинова мен Галина Жучкова медицина саласында 40 жылдай, ал Руслан Тұрғынбаев 20 жылдан астам уақыт қызмет еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Руслан Тұрғынбаев. Фото: Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Руслан Тұрғынбаев. Фото: Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы: UGC

Дина Литвинова интернатурадағы кезінен бері медбике, ал 1983 жылдан бастап дәрігер болып қызмет еткен. №1 Павлодар қалалық емханасында терапия бөлімін басқарды.

Галина Жучкова 1977 жылдан бері Павлодар қалалық ауруханасында медбике болды, кейіннен гинеколог-дәрігер мамандығын бітіріп шыққан. Өз мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатын алған.

Тіс дәрігері Руслан Тұрғынбаевтың артында үш баласы қалды.

Ол қызметтік мансабын балалар тіс дәрігерінен бастап, кейіннен жетекші хирург-стоматолог болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің пневмониядан көз жұмғанын мәлім етті.

Соңғы ай ішінде Павлодар облысында тағы 5 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте еліміздің бірнеше аймағында пневмонияның өршуіне қатысты тергеудің алдын ала нәтижелерін жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1865095-pavlodarda-bir-tulik-isinde-s-tziribeli-driger-pnevmoniadan-kz-zmdy/

pixel