RU

Карантин уақытында қала шетінде демалуға бола ма

Карантин уақытында табиғатта немесе қала шетінде демалуға рұқсат бар ма? Бұл сауалға Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Бекетаевтің сөзінше, карантин уақытында табиғатта немесе қала шетінде демалуға рұқсат бар, алайда адамдар көп жиналмауы тиіс.

"Нақты қай жерде демалғыңыз келетінін айқындап алу керек. Әкімдіктер шектеу қойып тастаған аумақтар бар. Бұл негізінен адамдар көп жиналатын орындар – қаладағы жағажайлар, бақтар. Әлбетте баруға болмайтын осындай орында демалсаңыз – ол заң бұзушылық болып есептеледі", - дейді министр.

Бекетаевтың айтуынша, жалпы табиғатқа шығуға болады. Алайда адамдар көптеп жиналмау керек.

"Егер бірнеше отбасы бірігіп, демалғысы келсе – онда ол карантин тәртібін бұзған болып есептеледі. Ал бір отбасы оп-оңай қала сыртында демала алады. Алайда бұл ретте барлық ереже сақталуы тиіс", - дейді Әділет министрі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары мен қонақтарына Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағы мен қаланың басқа да көрікті жерлерінде демалыс күндері қыдыруға тыйым салынғанын хабарлаған едік.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұндай шара эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865099-karantin-uakytynda-kala-setinde-demaluga-bola-ma.html