Выйти
RU

Алматыда мемлекеттік нөмірді ұрлап жүргендер тобы әшкереленді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы Бостандық ауданының құққықорғау огандары мемлекеттік нөмірлерді ұрлаудың 33 оқиғасына күдікті үш адамда ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.: Original

"Бұл тергеудің осы кезеңінде дәлелденген қылмыстар ғана. Өндіріс барысында құрбан болғандардың саны артуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Бұл бағыттағы жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасуда. Бұл топқа 1994 және 1995 жылы туған үш жергілікті тұрғындар кіреді.

Олар келесі тізбек бойынша жұмыс жасады: тек тұрғын ауданда, атап айтқанда “Орбита” және “Алмагүл” шағын аудандарында жүрген. Үйлердің аулаларында тұрған көліктерден мемлекеттік тіркеуіш нөмірлік белгілерін шешіп алып, нөмірін 10 мың теңгеге сатып алуды талап еткен жазба қалдырып кетіп отыған.

Тағы да оқыңыздар

Хат жазып кеткен: Несиесін төлей алмаған БҚО тұрғыны өзін-өзі атып тастады

Сонымен қатар, қаскөйлер тек электронды ақша аударымдарды қолданған. МТНБ-не төлемді алған жағдайда арам пиғылдылар көлік нөмірі жасырылған жерді иесіне хабардар еткен, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Спикердің айтуынша, қазір үш күдікті ұсталып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылды. Сонымен қатар, полиция оңай ақшаны ұнататындардың арбауында кетпеуге және барлық қылмыстық көріністерді, соның ішінде осыған ұқсас фактілерді “102” нөміріне дереу хабарлауға шақырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда мемлекеттік нөмірді ұрлап жүргендер тобы әшкереленді