Выйти
RU

Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Батпенов қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас травматолог дәрігері Нұрлан Батпенов өмірден озды. Медицина қызметкері неден көз жұмғаны әзірге белгісіз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Батпенов. Фото: facebook.com/ResearchInstitutOfTraumatologyAndOrthopedicsAstana

Нұрлан Батпенов. Фото: facebook.com/ResearchInstitutOfTraumatologyAndOrthopedicsAstana

Қаралы хабарды травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Нұрлан Батпенов 71 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Танымал дәрігер әрі профессордың өлімі не себепті орын алғаны әзірге хабарланған жоқ.

Медицина қызметкерінің әріптестері оның білікті маман, кәсіби хирург және мықты басщы болғанын айтуда. Олардың сөзінше, марқұм Қазақстандағы травмотология мен ортопедияны дамытуға елеулі үлес қосты.

Ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Батпеновтың жан-жақты әрі жүрегі кең тұлға ретінде есте қалғанын жеткізді. Дәрігердің әріптестері оның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтуда.

Тағы да оқыңыздар

Өзгелерді құтқарамын деп өз өмірін қиған дәрігерлер туралы не білеміз

Еске сала кетейік, 11 шілде күні еліміздің тағы бір мықты медицина маманы ортамыздан кетті. Ақтөбедегі жұқпалы ауруларға арналған аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров пневмониядан көз жұмды. Оның әріптестері марқұмның қазасын аса ауыр қабылдаған.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, бас дәрігер соңғы күндері өзі басқаратын ауруханада төсек тартып жатқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Батпенов қайтыс болды