Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басшылық арыз жаз деді": Диас Ахметшәріп қызметінен кеткенін мәлімдеді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп қызметінен кетті. Бұл туралы ақпарат өкілінің өзі хабарлады. Оның айтуынша, басшылық одан арыз жазуын талап еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: strategy2050.kz
Фото: strategy2050.kz: Facebook

Диас Ахметшәріп қызметінен кеткенін Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Ол өзімен бірге қызмет еткен барша әріптестеріне алғысын білдіріп, қоштасты.

"Құрметті достар! Бүгін менің соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп не кетпейді. Хош. Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар! Артық кеткен кездерім болса - кешірім сұраймын! Барлық еңбегім - тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық. Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын" , - деп жазды журналист.

Диас Ахетшәріп бұл қызметке осы жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәуле Қисықова елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылғанын хабарлаған болатынбыз. Басшының міндетін оның орынбасарларының бірі Әлия Рүстемова атқарады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі Сәуле Қисықованың Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалғанын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865106-bassylyk-aryz-zaz-dedi-dias-ahmetsrip-kyzmetinen-ketkenin-mlimdedi/

pixel