Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қайтыс болды

Опубликовано:

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов көз жұмды. Қаралы хабарды оның әріптесі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасы арқылы жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қосман Айтмұхаметов. Фото: astana.gov.kz
Қосман Айтмұхаметов. Фото: astana.gov.kz: UGC

Сәкен Қалқаманов өз жазбасында Түркістан облысы басшысының бірінші орынбасары 57 жасында өмірден өткенін мәлімеді.

"Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Сәкен Қалқаманов.

Сәкен Қалқаманов желі арқылы мезгілсіз өмірден озған әріптесінің отбасына көңіл айтты. Шенеуніктің нақты неден қайтыс болғаны әзірге хабарланған жоқ.

Ашық дереккөздердегі ақпараттарға сәйкес, Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысында дүниеге келген. 1986 жылы ол инженер-механик мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын, 2006 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

Шенунік отбасылы болған. Екі баланың әкесі. Еңбек жолын қарапайым тракторшы ретінде бастап, кейін техникумда сабақ берген.

Түрлі жылдары бірқатар кәсіпорындарында басшылық қызметті атқарды. Алдымен Ақмола облысы әкімінің орынбасары, одан кейін өңір басшысы болып тағайындалған. Министрліктерде жұмыс істеп, Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) басшысының орынбасары лауазымында болды. Өткен жылдың ақпан айынан бастап, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кіріскен.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Қосман Айтмұхамбетовтың мезгілсіз қазасына орай оның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865114-trkistan-oblysy-kimini-birinsi-orynbasary-kajtys-boldy/

pixel