Выйти
RU

42 500 теңгеге өтінімдердің қабылдана бастағаны рас па: Министрлік пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатқан 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы ақпарат жалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде", - делінген хабарламада.

Біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарланып отыр. Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр.

Тағы да оқыңыздар

42 500 теңге жәрдемақыға өтініштер қашаннан бастап қабылданады

Министрлік азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұрайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42 500 теңгеге өтінімдердің қабылдана бастағаны рас па: Министрлік пікір білдірді