Выйти
RU

Министр карантин кезінде кімдер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде кімдер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Бұл туралы Марат Бекетаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Оның сөзінше, той өткізетін адамдар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саладағы заңнама талапбын бұзу") бойынша жауапқа тартылады. 

"Бірінші рет болса, шамамен, 83 000 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ондай шара адамдардың ауруға жаппай шалдығуына себеп болса, айыппұлдың көлемі әлдеқайда көп болады", - деді әділет министрі.

Бекетаев қонақтар инфекцияны жаппай жұқтырғаннан кейін науқастардың біреуі қайтыс болса, тойдың иесі қылмыстық жазаға да тартылуы мүмкін екенін жасырған жоқ.

Айта кетейік, қазіргі карантин кезінде кодекстің 462-бабы да қолданылады. Оған сәйкес, жеке тұлғаларға – 3-7 АЕК (1 АЕК - 2 778 теңге) , лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10-200 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20-300 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50-400 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министр карантин кезінде кімдер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты