Выйти
RU

Қызылжарда 187 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында 187 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 60-ы әлі де емделіп жатыр. Абырой болғанда, ақ халаттылардың арасында өлім-жітім көрсеткіші жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жалпы, аймақта 1200-ге жуық дәрігер індетпен күресуде.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов өңірдегі инфекциялық стационарда 470, ал провизорлық стационарда 1190 жатын орны бар екенін атап өтті.

Өңірдегі індетке қатысты жағдайды жедел жәрдем қызметі статистикасынан байқауға болады.

Мамандардың айтуынша, соңғы кездері шақыртулар екі есе көбейген. Қазір Петропавлда 16 бригада күні-түні жұмыс істеуде. Кейде маман тапшылығына байланысты адамдар сағаттап күтіп қалады екен.

Тағы да оқыңыздар

Ақтөбеде 60 жүкті әйелден пневмония анықталған

"Ең алдымен жағдайы ауыр науқастарға барамыз. Әрине, шақыртулардың көбі коронавирус індетіне байланысты. Үлгермей жатамыз. Сондықтан кейбір адамдар сағаттап күтіп қалады", – дейді облыстық медициналық жедел жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Владимир Жужгов.

Айта кетсек, Қызылжарға Катар мемлекетінен гуманитарлық көмек те келген. Онда, медициналық маска, қорғаныс киімдері мен көзілдіріктер, жалпы 30 мыңнан астам зат бар. Гуманитарлық көмектің заңды түрде таратылуын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жіті қадағалауына алған.

А. Құрманкин

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда бір тәулік ішінде үш тәжірибелі дәрігердің пневмониядан көз жұмғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылжарда 187 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды