RU

БҚО-да демалыс күндері базарлар қызметі тоқтатылып, автобустар жүрмейтін болды

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 15 шілдедегі қаулысына сәйкес облыс аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 18 шілде күні сағат 00.00-ден 19 шілде күнгі сағат 00.00-ге дейін, 25 шілде күні сағат 00.00-ден 26 шілде күнгі сағат 00.00-ге дейін және 1 тамыз күнгі сағат 00.00-ден 2 тамыз күнгі сағат 00.00-ге дейін ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар қызметі тоқтатылады.

Сонымен қатар осы уақытта қоғамдық көліктер жүрмейді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілген болатын.

Таяуда мемлекет басшысы бұл шаралардың тағы екі аптаға яғни шілденің соңына дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Осылайша Қазақстанда қатаң карантиндік шаралар 20 шілдеден 2 тамызға дейін ұзартылып отыр.

Бұның барлығы елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін қабылданып жатыр. Үкімет басшысы Асқар Мамин қалбылданып жатқан шаралардың аса маңызды екенін айтып, оны қазақстандықтарды сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865133-bko-da-demalys-knderi-bazarlar-kyzmeti-toktatylyp-avtobustar-zrmejtin-boldy.html