Выйти
RU

Ресейлік дәрігерлер Қазақстандағы "белгісіз пневмонияға" қатысты ойын айтты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар "белгісіз пневмония" туралы ақпаратқа алаңдауда. Коронавирус инфекциясына ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсеткендерге осындай диагноз қойылуда. Отандық мамандарға көмекке келген ресейлік дәрігерлер осыған байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Fotolia / Minerva Studio

Фото: Fotolia / Minerva Studio

Қазіргі уақытта ресейлік медиктер тобы Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығында жұмыс істеуде.

"Қазір барлық пневмониялардың коронавирус инфекциясы болуы ықтимал. Себебі жазғы кезеңдегі эпидемиологиялық көрсеткіштер пневмонияға тән емес. Біз жай ғана статистиканы алып, өткен жылы қанша пневмония болғанын салыстыра аламыз. Осы сандарды алып тастағанда, коронавирус инфекциясының таралуын байқаймыз", – деп түсіндірді РФ денсаулық сақтау министрлігінің фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар ұлттық медициналық зерттеу орталығының пульмонологы Евгений Попов.

Тағы да оқыңыздар

ДСМ коронавируспен қатар тараған "белгісіз пневмонияны" тексереді

Оның пікірінше, қазіргі уақытта қойылған пневмония диагноздарының барлығын дерлік әлеуетті коронавирус инфекциясы ретінде қарастыру керек.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 60 жүкті келіншектен пневмония анықталғаны мәлім болды. Дәрігерлердің айтуынша, науқас әйелдер осы күнде орталықта ем қабылдап жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік дәрігерлер Қазақстандағы "белгісіз пневмонияға" қатысты ойын айтты (видео)