RU

Иран президенті коронавирус жайлы: Екінші толқын біріншіге қарағанда күштірек болды

Telegram logo VKontakte logo

Иран коронавирустың екінші толқынын бастан өткеріп жатыр. Елдің COVID-19 жаңа кезеңіне қарсы тұрып жатқанын президент Хасан Роухани растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Иран президенті коронавирус жайлы: Екінші толқын біріншіге қарағанда қарқынды болды

Фото: © РИА Новости / Алексей Никольский: UGC

Осыған дейін Иран билігі коронавирустың таралуы басылып, қайта өршігенде елдің әлі де бірінші толқынды өткізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Президенттің айтуынша, ақпан айының соңында басталып, сәуірдің ортасына дейін жалғасқан коронавирустың бірінші толқыны мемлекеттің солтүстік және орталық провинцияларына әсер еткен. Ал екінші толқын оңтүстік аудандар мен ел шекарасына қатты залал келтіруде.

"Маусымның ортасынан, атап айтқанда, 14 маусымнан бастап екінші толқын басталды. Ол елдің оңтүстігі мен шекара маңындағы провинцияларға қатты әсер етті. Екінші толқын біріншіге қарағанда әлдеқайда күштірек болды", - дейді Роухани мемлекеттік телеарналар арқылы көрсетілген үкімет отырысында.

Тағы да оқыңыздар

ДДСҰ директоры Қазақстан вируспен күресте дұрыс жолды таңдамағанын айтты

Бірінші толқыннан кейін адамдар Иран коронавирусты жеңді деп ойлады дейді Роухани. Ол мемлекет алдағы айда коронавирустың жаңа толқынын еңсереді деген ойда.

Қазірге дейін Иранда коронавирус жұқтырудың 262 мың дерегі тіркелген. Індеттен 13,2 мың адам қайтыс болып, 225 мыңнан аса адам жазылып шыққан.

Айта кетейік, Иран 2021 жылы коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды жоспарлап отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Иран президенті коронавирус жайлы: Екінші толқын біріншіге қарағанда күштірек болды