RU

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 1674 адам коронавирус дертін жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 65188-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Depositphotos

Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 863 тасушы тіркелген.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 204 / 83

Алматы қаласы - 219 / 126

Шымкент қаласы - 76 / 40

Ақмола облысы - 43 / 24

Ақтөбе облысы - 53 / 28

Алматы облысы - 88 / 55

Атырау облысы - 218 / 176

Шығыс Қазақстан облысы - 133 / 60

Жамбыл облысы - 87 / 46

Батыс Қазақстан облысы - 101 / 61

Қарағанды облысы - 100 / 36

Қостанай облысы - 49 / 21

Қызылорда облысы - 74 / 36

Маңғыстау облысы - 41 / 25

Павлодар облысы - 63 / 20

Солтүстік Қазақстан облысы - 95 / 7

Түркістан облысы - 30 / 19.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында 187 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлаған едік. Оның 60-ы әлі де ем қабылдап жатыр. Абырой болғанда, ақ халаттылардың арасында өлім-жітім көрсеткіші жоқ.

Одан бөлек, Ақтөбе өңірінде 60 жүкті келіншектен пневмония анықталып отыр. Бұл туралы Медицина орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, ресейлік дәрігерлер Қазақстандағы "белгісіз пневмонияға" қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865147-eelde-koronavirus-zktyrgandar-sany-65-mynan-asty.html