Выйти
RU

Жасөспірім қызды зорлады деп күдіктелген ер адам 12 қабаттан секіріп кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда үй тонап, кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлады деп күдіктелген ер азамат құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қашу кезінде 12 қабаттан секіріп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімді зорлады деп күдіктелген ер адам 12 қабаттан секіріп кетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция қызметкерлері Екібастұздан келген 31 жастағы азаматты кәмелеттік жасқа толмағанға қарақшылық шабуыл жасады және зорлады деген күдікпен ұстаған.

"Бұл қылмыс 11 шілдеде жеке сектор аумағында болды. Түскі уақытта белгісіз біреу Покровская көшесіндегі үйлердің біріне кірген. Сол сәтте үйде 4 жасар ұл бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған. Қаскөй оларды пышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлаған.

Осы аса ауыр қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Жедел және арнайы шаралардың нәтижесінде күдіктінің жасырынған мекен-жайы анықталды. Ол пәтер әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің 12-қабатында орналасқан. Қамауға алу кезінде Ш. қашып кетуге тырысты.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда мемлекеттік нөмірді ұрлап жүргендер тобы әшкереленді

Ол ашық терезеден секіріп түсіп, төмендегі қабаттағы террасаға құлады, оның артынан өз өміріне қауіп төндіріп, полиция майоры Бақытжан Бакиров жүгіріп кетті. Аяғы сынғанына қарамастан, ол күдіктіні ұстап, қашып кетуіне жол бермеді", - дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы Еркін Амантаев.

Қазіргі уақытта тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы: ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сонымен бірге, Алматы қалалық полиция дептарменті аса қауіпті қылмыскерді ұстауда көрсеткен қайсарлығы үшін майор Бакиров мараптқа ұсынылатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыз көпқабатты ғимараттың терезесінен секіріп кеткен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жасөспірім қызды зорлады деп күдіктелген ер адам 12 қабаттан секіріп кетті