RU

Коронавируспен ауруханада жатқан пациенттердің телефонын неліктен алып қояды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус жұқтырған науқастардың туыстары әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханаларында жақындарының телефондары тәркіленіп жатқанын айтып, шағымдануда. БҚО денсаулық сақтау басқармасы бұған қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус жұқтырған науқастардың телефондары неліктен тәркіленуде

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Мой город" басылымының хабарлауынша, тұрғындар осының салдарынан туысқандарының қандай күйде жатқанын біле алмауда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, телефон - инфекция жұқтырудың бір көзі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Өлім жағдайлары тіркелуде. Адамдар осы қауіпті аурудың салдарынан туыстарынан, достарынан және жақындарынан айрылып жатыр.

Ведомство әлеуметтік желілерде облыстық стационарлардың бірінде науқастардан телефондардың тәркіленіп жатқаны туралы ақпаратты көргендерін айтты.

Осыған байланысты жауап берген департамент мобильді құрылғылар инфекцияның негізгі көздерінің қатарына жатпағанымен, ауруханаларда оларды қолдану салдарынан жұқтыру қаупі артып келе жатқанын айтады.

Тағы да оқыңыздар

Қызылжарда 187 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

Сонымен қатар, көпшілігі оларды антисептикалық құралдармен сүртпейді.

Ал Covid-19 жиі қолданылатын заттарда ұзақ сақталады.

Осы орайда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта аурудың таралуын тоқтатып және өлім санын азайту үшін белгіленген ережелерді сақтау өте маңызды екенін баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавируспен ауруханада жатқан 
пациенттердің телефонын неліктен алып қояды