RU

Атырауда медициналық білімі жоқ адамдар тұрғындарды коронавирустан емдеген

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов облыс тұрғындарын коронавирус инфекциясынан емдеу үшін күмәнді дәрігерлердің қызметіне жүгінбеуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz.

Атырауда медициналық білімі жоқ адамдар тұрғындарды коронавирустан емдеген
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

WhatsApp мессенджерінде Атырау қаласындағы қытай медицинасы туралы бейнеролик таралуда. Видеода дәрігер антисанитарлық жағдайда "Сovid-19"-ға қарсы екпе салғаны көрсетілген.

Атырауда коронавирус инфекциясы белгілерін емдеу және алдын-алу жұмыстарымен айналысқан клиника анықталды.

Онда КВИ (пневмония) белгілерін емдеу үшін фенол ерітіндісін қолдану арқылы инвазивиялық әдістермен емдеу жүргізілген. Процедураларды медициналық білімі жоқ адамдар жүргізген.

Клиника лицензиясыз бейдәстүрлі медицинамен де (акупунктура, массаж) айналысқан. Тексеру барысында клиникада жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, Қытайда шығарылған, тіркелмеген дәрілер табылды.

Осы фактілер бойынша құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865161-atyrauda-medicinalyk-bilimi-zok-adamdar-naukastardy-koronavirustan-emdegen.html