RU

КВИ жұқтырған автобус жүргізушісі адамдарды Шымкенттен Нұр-Сұлтанға тасымалдамақ болған

Шымкентте елордаға жолаушыларды апармақ болған автобус жүргізушілерінің жолы кеселді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

КВИ жұқтырған автобус жүргізушісі адамдарды Шымкенттен Нұр-Сұлтанға тасымалдамақ болған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Мессенджерлерде прокурорлардың Шымкентте тұрақты автобус жүргізушісін ұстағаны туралы хабарлама пайда болды.

Мәліметтерге сәйкес, ер адамда коронавирус анықталғанына қарамастан, ол адамдарды жинап, Нұр-Сұлтанға жолға шыққан.

Хабарлама авторы жүргізушінің немқұрайлылыға таңқалған. Оның айтуынша, ер адам ондаған адамның өміріне қауіп төндірген.

Бұл ақпаратты телефон арқылы республиканың бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов растады.

Ол қадағалаушы органға хабарламаның жанашыр азаматтардан келгенін айтты. Олар мегаполистің автовокзалында белгісіз біреулердің елордаға жолға шығу үшін жолаушыларды жинағанын жеткізген.

Бұл фактіні Шымкенттің көлік прокурорлары тексерді. Нұр-Сұлтанға жолға шығып кеткен автобус тас жолда тоқтатылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оның ішінде 25 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Сонымен қатар, жүргізушілердің бірінің коронавирусты анықтауға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Қазір бұл ақпарат тексерілуде.

Карантин режимін сақтамағаны үшін автобус иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Петропавлда автобус жүргізушісі маскасы жоқ жолаушыларды салонға кіргізбей қойғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865171-kvi-zktyrgan-avtobus-zrgizusisi-adamdardy-symkentten-nr-sltanga-tasymaldamak-bolgan.html