RU

Отандық дәрігер Қазақстанда эпидемия қашан аяқталатынын болжады

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде коронавирус инфекциясы 1674 адамнан расталған. Ал жалпы вирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асып кетті. Қазір пандемия қашан аяқталады деген сұрақ көпті мазалап жүр. Осы мәселеге қатысты дәрігер-кеңесші, медицина ғылымдарының докторы, инфекционист, профессор, академик Ғалия Жұманбаева жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда эпидемия қашан аяқталады: Дәрігер жауап берді
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

Жоғары санатты дәрігермен NV.kz тілшісі сұхбаттасты.

Бірқатар сұраққа жауап берген маман елді дүрліктірген "жаңа қазақстандық пневмония" жайлы да сөз қозғады. Оның пікірінше, бұл жаңа ауру емес, коронавирустың жаңа түрі. Ал аурудан қорғануға әр адамның иммунитеті әсер етеді.

Дәрігердің сөзінше, әлі күнге дейін маска тағуға қатысты түрлі даулы пікірлер туындайды. Бірақ, оны көшеде тағуға аса қажеттілік жоқ, ал жабық ғимараттарда таққан дұрыс.

Инфекционист коронавирус инфекциясының белгілері бар адамдарға уақыт жоғалтпай, ем қабылдау кешенін бастауды ұсынды. Мұны дерт сипаттары байқалмағандар да жасауы тиіс. Себебі, кей жағдайда адам өзін жақсы сезінеді, бірақ өкпесі қабына бастайды.

Ғалия Жұманбаева көптің көкейінде жүрген сұраққа да жауап беріп өтті. Маманның болжамынша, эпидемия ұжымдық иммунитет 70 пайызды көрсеткенде ғана тоқтайды. Яғни, шамамен барлық қазақстандық ауырып шығады. Алайда иммунитет әр адамда қалыптаса бермейтінін, оның тұрақсыз әрі ұазқ болмайтынын да ескеру қажет.

Сонымен қатар ол вирус мутацияларына да үлгермеуі мүмкін. Сондықтан, адам үш айдан кейін қайта ауыруы ғажап емес. Өйткені, иммунитет орташа есеппен 90 күндей сақталады. Сарапшының болжамынша бұл жаңа карантинге әкелуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865177-otandyk-driger-kazakstanda-epidemia-kasan-aaktalatynyn-bolzady.html