Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналист тікелей эфирде тісінен айырылып қалды

Опубликовано:

44 жастағы жаңалықтар жүргізушісі Маричка Падалко тікелей эфирде келеңсіз жағдайға тап болды. Украиналық "1 + 1" телеарнасындағы тікелей эфир кезінде оның алдыңғы тісі түсіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Тікелей эфирде тісі түсіп қалған журналисттің іс-әрекеті жұртты таңғалдырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видеоны блогер ekulka Instagram парақшасында жариялады.

Желі қолданушысы журналистің өзін-өзі сабырлы ұстап, тісінің түсіп қалғанына қарамастан жұмысын жалғастырғанына таңданған.

Блогердің сөзінше, Маричканың оның орнында болса, көзіне жас алып, ұяттан жерге кіріп кетер еді. Алайда журналист өзінің кәсібилігін жоғары деңгейде көрсеткен.

Желіде пайда болған видеода жүргізуші тісінің түсіп қалғанын байқап, оны байқатпай қолымен алып тастаған.

Желідегілер де Маричканың кәсібилігін жоғары бағалады. Олар оның тісінің түсіп қалғанына өкініш білдіргенімен оның эмоциясын басқара алатындығына таңданған.

"Журналистің ерік-жігері мықты екен. Менің камераның алдында жылап қалар едім", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Естеріңізге сала кетейік, жер сілкінісі кезінде тікелей эфирде сұқбат берген саясаткердің жұртты таңғалдырғаны туралы жазған едік.

Саясаткер камера мен айналасындағы заттардың қозғалып тұрғанына қарамастан өзін еркін ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1865180-zurnalist-tikelej-efirde-tisinen-ajyrylyp-kaldy/

pixel