Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" "Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін" атты байқау жариялайды

Опубликовано:

«Хабар» Агенттігі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алдағы 30 жылдығына орай «Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» атты шынайы оқиғаға негізделген байқаудың бастау алғанын хабарлайды. Жоба ясында қатысушылар алдағы уақытта белгілі бір телехикаятқа негіз болатын өздерінің шынайы, бастан өткерген оқиғаларын жібере алады.

«Хабар» «Мен Казақстан мен қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» атты байқау жариялайды

«Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» - жанымызда жүрген жандардың арасынан нағыз батылдар мен батырларды үлгі ететін жоба. Еліміздің еңсеріп жатқан қазіргі пандемия уақытында, күнделікті өмірде небір оқиғалар орын алып жатыр. Осындай сын сағаттарда қайырымды іс жасап, көпшіліктің қажеттілігін қамтамасыз етуге ат салысып жүрген небір ел азаматтары бар. «Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» жобасы – қазақстандықтарға бүгінгі күннің батырларын таныстыратын алаң. Сондай-ақ, бұл жоба аясында сіз үшін өмір сүру қағидалары жаныңызға жылулық сыйлайтын, сізді қандай да бір іс-әрекетімен таңғалдырып, шабыт беретін жақындарыңыз туралы баяндай аласыз.

Байқау-ға қатысу үшін төменде көрсетілген шарттарды орындау қажет:

  • Байқауға барлық қазақстандықтар қатыса алады;
  • «Отанымды немесе жерлестерімді мен не үшін жақсы көремін» тақырыбындағы үздік оқиға жазу;
  • Сіз тек Отаныңыз туралы немесе өзіңізге ой салатын, шабыт беретін адам туралы айтып берсеңіз болғаны;
  • Байқаудың басты шарты – оқиға шынайы, ал оның қаһарманы көзі тірі қазақстандық болуы керек;

Жоба нәтижесінде, үздік деп танылған оқиғалар көркем хикаятқа арқау болып, авторлары арнайы сый-сияпатқа ие болады.

Жоба жайлы толық ақпарат lovewe.kz сайтында.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865189-habar-men-kazakstandy-zne-kazakstandyktardy-ne-sin-zaksy-kremin-atty-bajkau-zarialajdy/

pixel