RU

Қазақстанда 51 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмған

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтағазиев Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 51 медицина қызметкері жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда 51 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмған
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Тимур Сұлтағазиев бүгінде республикада пандемиядан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің саны 51-ге жеткенін мәлімдеді. Брифинг барысында ол марқұмдардың жақындарыне көңіл айтты.

Комитет басшысы деректер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданған соң қайтыс болған ақ халаттылардың жанұяларына төлемақы берілетінін жеткізді.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлері арасында коронавирустан тіркелген өлім-жітім жайлы шілде айының басында мәлімдеген.

Ол уақытта қайғылы жағдайлар саны 18 еді. Ал вирустан 500 медицина қызметкері емделіп шыққан. Аталған кезеңде медицина қызметкерлері елдегі барлық науқастың 11 пайызын құраған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1674 адам коронавирус дертін жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 65188-ге жетті. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 863 тасушы тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865194-kazakstanda-51-medicina-kyzmetkeri-koronavirustan-kz-zmgan.html