Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 306 адам ауыр хәлде жатыр

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 306 пациенттің жағдайы ауыр екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

"Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз жансақтау мен анестезиология бөлімінде емделіп жатыр. Олардың саны – 306 адам. Ауыр жағдайда 265 сырқат, өте ауыр жағдайдағы 41 науқас бар. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған 67 науқас (коронавирус жұқтырған) ем қабылдауда.

Инвозивті емес өкпені жасанды желдету аппаратында 133 сырқат жатыр. Өзінше демалатын оксигенотерапия алып жатқан сырқаттардың саны – 106. Өз бетінше демалатын науқастардың саны – 9265 науқас", - деді ол.

Сұлтанғазиев осы жарты жылдықта Қазақстанда пневмониямен 98 мың адам сырқаттанғанын жеткізді.

"Өткен жылмен салыстырғанда өсім 50 пайыздан жоғары", - деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865196-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-306-adam-auyr-hlde-zatyr/

pixel