RU

Жалғас Жұмағұлов UFC 251 турниріндегі жеңілісіне кім кінәлі екенін айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC 251 турнирінде бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілуіне не себеп болғанын айтып берді. Оның пікірінше, аталған кездесуде көздеген нәтижесіне қол жеткізе алмауына бапкері кінәлі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: USA Today Sports
Фото: USA Today Sports: Facebook
"Қарсыласымның бауырына тигізген қатты соққыларым болды. Ол бүгіліп қалды, бірақ мен шбуылды соңына дейін жеткізбедім. Содан кейін сол қолыммен де дөп тигіздім. Мүмкін ол камерадан көрінбейді, ал бетпе-бет тұрғанда ол анық көрінеді. Осының бәрінде шабуылды соңына дейін жеткізбегенім айқын сезіледі.
Егер осы позицияны өзгертпей, соңына дейін жеткізгенімде қарсыласымды нокаутқа түсіруші едім. Барлық сұрақ бапкеріме. Өйткені, ыңғайлы позицияны өзгерту туралы ол тапсырма берді – мен орындадым", – деді Жұмағұлов.

Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жеңіліспен аяқталған еді. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте жеңіс төрешілер шешімімен бразилиялыққа берілді. Алайда, бұл шешімнің даулы болғанын айта кету керек.

Тіпті, кейін UFC президенті Дана Уайт Жұмағұлов қатысқан турнирдің төрешілерін сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865197-zalgas-zmaglov-ufc-251-turnirindegi-zeilisine-kim-kinli-ekenin-ajtty.html