Выйти
RU

Жас қызға ұқсаған 49 жастағы көпбалалы ана желідегілерді тамсандыруда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Филиппиннің Макао қаласының 49 жастағы тұрғыны сұлулық сырымен бөлісті. Төрт баланың анасы өзінің жасынан әлдеқайда жас көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

49 жастағы көп балалы ана

Фото: instagram.com/bombshellinthisdress

Белла Эрнандез Филиппиннің тумасы. Жасына қарамастан, жұртшылық көп балалы ананы 30 жастағы арулармен жиі шатастырады. Әйелдің мүсіні талдырмаш, шашы қалың әрі терісі де нәзік.

Елуге жақындаған әйелдің сөзінше, ең бастысы тері күтіміне аса назар аударған жөн. Эрнандез аптасына бірнеше рет лимон шырынын жағып тұраы екен. Оның пікірінше, ол бет терісін ағартуға көмектеседі.

Уақытының тапшылығына қарамастан Белла ешқашан ұйықтар алдында бетін жуып, күтім жасауды ұмытпайды. Сондай-ақ, ол бетіне авокадодан жасалған маска жағып, денесін какос майымен ысқылайды екен.

Филиппиндық келіншек көп су ішеді. Оның пікірінше, бұл - денсаулықтың кепілі. Оның таңы ыстық шайдан немесе сергіткіш сусыннан басталады, одан кейін таңғы асқа көбінесе қытырлақ нан, пісірілген жұмыртқа немесе омлетпен жейді. Эрнандестауықтың төс еті қосылған салаттармен тамақтанады. Кешкі асқа келіншек жеңіл тамақ ішуге тырысады.

Тағы да оқыңыздар

Отандық телеарна қызметкері 11 айдан бері комада жатыр (фото)

Кейде ол өзіне сүтті шай ішуге мүмкіндік береді. Алайда көп мөлшерде қант тұтынбауға тырысады. Әйел күн сайын С дәруменін қабылдайды, ол осылайша өзінің иммунитетін сақтайтынына сенімді. Сонымен қатар, ол спортпен аптасына кемінде төрт рет айналысады.

Айта кету керек, жас жігіттер үнемі ғаламторда Белламен танысуға тырысады.

Естеріңізге сала кетейік, жас қызға ұқсаған 40 жастағы екі баланың анасы сұлулығымен әлем назарына іліккен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жас қызға ұқсаған 49 жастағы көпбалалы ана желідегілерді тамсандыруда