Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық телеарна қызметкері 11 айдан бері комада жатыр (фото)

Опубликовано:

Отандық телеарна қызметкері Асқар Ғазизов 11 айдан бері комада жатыр. Ол жансақтау мен нейрохирургия бөлімінде төрт айын өткізген. Кейіннен ақ халаттылар азаматты үйге алып кетуді сұраған. Енді оның жанұясы қазақстандықтардан көмек сұрап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық телеарна қызметкері 11 айдан бері комада жатыр (фото)
Фото: Instagram/ vastane_kz: UGC

Телеарна қызметкерінің денсаулығы жайлы Асқардың ата-анасы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жазды.

35 жастағы Асқар Ғазизов жұмысқа электросамокатпен бара жатқан. Автобус аялдамасының артында оның алдынан бір адам шығып, екеуі соқтығысып қалған. Жаяу жүргінші Асқарды жол жиегіне шығарып, көзден таса болған.

Ес-түссіз жатқан азаматты жолдан өтіп бара жатқан қыз байқап, жедел жәрдем шақырған. Асқар ауруханаға ауыр дәрежедегі ми- бас сүйек жарақатымен түскен. Оның бас сүйегіне трепанация жасалып, гематома алынып тасталған. Содан азамат комаға түсіп, әлі оянбаған.

Асқардың ата-анасы зейнеткерлер, олар зейнетақыға күн көреді және ұлын емдетуге қаражаттары жоқ.

"Біз - зейнеткерлерміз, зейнетақыдан басқа кірісіміз жоқ. Асқардың жұмыс берушісі жол апатынан кейін оған бір реттік жәрдемақы берді, бірақ жұмыс орнын сақтап қалған жоқ. Сондықтан, біз Асқарды емдеп, қалыпқа келтіру үшін ақша жинауды жалғастыра береміз. Ағзаны күнделікті қолдау үлкен қаржыны талап етеді. Бір айда Асқарды емдетуге кем дегенде 1 миллион теңге кетеді. Оның ішіне медқызметкердің күнделікті төлемі, гастростома арқылы теңдестірілген медициналық тамақтану және реабилитолог қызметі кіреді", - делінген хабарламада.

Асқарға көмектесу үшін реквизиттер:

Анасының картасы : Makim Shamelova

Каспий голд : 5169497131090346

Телефон нөмірі бойынша : 87015163986

Халық банк картасы: 5522043354768721,

Аты-жөні : Makim Shamelova

ЖСН: 521222400525

Байланысу үшін: анасы Мәкім Сағынайқызы +7 7015163986

Барлық жиналған қаражат медициналық жабдықтарды сатып алуға және медициналық препараттарды сатып алуға жұмсалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865207-otandyk-telearna-kyzmetkeri-11-ajdan-beri-komada-zatyr-foto/

pixel