Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте науқастар саны азайған: Қаладағы күндізгі стационар жабылды

Опубликовано:

Шымкентте медициналық көмекке жүгінушілер санының азаюына байланысты жеңіл атлетшілер манежінде орналасқан күндізгі стационар жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Facebook

Бұған дейін қалада ӨРВИ мен пневмонияға шалдыққан науқастар саны күрт өскен болатын. Екі апта бұрын жергілікті әкімдікке жеңіл атлетшілер манежін провизорлық стационар ретінде қайта жабдықтауға тура келді.

Алғашқы бірнеше күнде күндізгі стационарда 500-ден 700 адамға дейін ем алған. Алайда, соңғы бес күн ішінде пациенттер саны күніне 25-ке дейін азайды. Яғни, күнделікті стационарға әр емханадан екі-үш адамнан ғана келіп отырған.

"Қазіргі уақытта емханалар жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек орындардың ашылуына байланысты спорт кешенінде медициналық көмек көрсету қажеттілігі төмендеді. Сол себепті жеңіл атлетшілер манежіндегі күндізгі стационардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды", – делінген Шымкент әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Спорт кешенінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Құрал-жабдықтардың бір бөлігі емханалар жанындағы стационарларға жіберіледі.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 306 пациенттің жағдайы ауыр екенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865210-symkentte-naukastar-sany-azajgan-kaladagy-kndizgi-stacionar-zabyldy/

pixel