RU

"Көлік аударылған": Атырау облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды

Атырау-Орал тас жолында Toyota Camry маркалы жеңіл көлігі аударылып, оқиға орнында екі адам мерт болған. Ал ауруханаға жеткізілген жүргізуші мен жолаушы медициналық мекемеде ажал құшты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақ Жайық газетіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы бүгін, 16 шілдеде сағат 00:30 шамасында "Атырау-Орал" тас жолының Атырау қаласына кіре берісінде орын алған.

1999 жылғы туған жігіттің рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткені белгілі болды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам сол жерде қаза тапты. Көлік жүргізушісі мен бір жолаушы облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде дүние салды. Қазіргі уақытта тағы бір жолаушы әр түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр", -делінген хабарламада.

Аталған оқиға байланысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Алматыдағы Ходжанов пен Эксперименттік база көшелерінің қиылысында орын алған жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі қайтыс болған еді. Жеңіл машина газ құбырына соқтығысып оқиға орнында жарылыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865211-klik-audarylgan-atyrau-oblysynda-zol-apatynan-trt-adam-kajtys-boldy.html