RU

Бірыңғай жиынтық төлем жасағандар арасында 42 500 теңгені кім алмайды

Telegram logo VKontakte logo

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бірыңғай жиынтық төлемді өтегендер арасында 42 500 теңгені кім алмайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

"Азаматтық-құқықтық сипат келісімдері бойынша жұмыс істеп жүрген азаматтар, оларды фрилансер дейміз. Ол кісілер өздері өтініш береді, ол өтініштер штаб арқылы емес, тікелей беріледі. Бірақ бұл кісілерге бір шарт: 2020 жылғы 6 ай бойынша бір рет болсын зейнетақы жарнасын төлеуі керек. Бұл қатарға тағы да кәсіпкерлікпен айналысып, ай сайын бірыңғай жиынтықты төлеп жүрген кәсіпкерлер кіреді. Әрине, карантин шараларына қатысты олардың табысы тоқтаса, өтініш бере алады, - деді ол. 

Тағы да оқыңыздар

Шілде айында төленетін 42500 теңгеге өтініш беру қашан басталады

Министрдің сөзінше, бұл жолы төлеу бірыңғай жиынтық төлемді қажеті жоқ.

"Бейресми жұмыс істейтін азаматтардың ішінде БЖТ-ны бір рет төлегендердің ішінен кімдер алмайды?
  • Біріншіден, мемлекеттің бюджетінен зейнетақы, жәрдемақылар, АӘК, сақтандыру қорынан тиісті төлем алып жүргенде 42 500 теңгені алмайды. Олар бейресми жұмыс істегендердің қатарына жата алмайды. Бірақ олар ресми жұмыс істесе немесе ЖК-сы болса, олар өтініш бере алады. ТЖ кезінде бірыңғай жиынтықты төлеген миллионнан астам адам болған. Бірінші рет бейресми жұмыс істегенін растады. Ол кісілермен біраз жұмыс істедік. 70 мыңға жуығын жұмыспен қамту шараларына тарттық. Егер олар төтенше жағдай кезінде БЖТ-ны бір рет төлеп, қазір жұмыспен қамту шараларына тартылып, жұмыс істеп жатса, олар 42 500 теңгені ала алмайды",  - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

"Бір тал бетперде берген": ШҚО жұрты әкімдіктің көмегіне наразы

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бірыңғай жиынтық төлем жасағандар арасында 42 500 теңгені кім алмайды