Выйти
RU

42 500 теңге алуға өтініштер қай уақытқа дейін қабылданады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте 42 500 теңгеге өтінім беру мерзімдерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42 500 теңге алуға өтінішдер қай уақытқа дейін қабылданады

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Біржан Нұрымбетов өтініштерді қабылдау ертең, 17 шілдеде басталып, 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасатынын айтты. Яғни, бұл жолы өтініштерді қабылдауға ешқандай уақыт шектеуі жоқ. Бұл жағдай әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамдардың барлығы өтініш тапсыруға үлгеруі үшін жасалған.

Министр қазіргі уақытта төлемді беру ережелері әзірленгенін айтты, ал құжатты Әділет министрлігінде тіркеу күн соңына дейін іске асырылады деп жоспарлануда.

"42,5 мың теңге 5 шілдеден бастап карантин енгізілгендіктен жұмыс істеген, бірақ табысынан айырылған адамдарға төленеді", – деді Нұрымбетов.

Азаматтар келесі ресурстар арқылы өтініш бере алады:

Тағы да оқыңыздар

Бірыңғай жиынтық төлем жасағандар арасында 42 500 теңгені кім алмайды

  • "Электрондық үкімет" веб-порталы – egov.kz;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • "Электрондық үкіметтің" Telegram-боты;
  • Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • мобильді қосымшалар мен екінші деңгейлі банктердің интернет-ресурстары.

Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бірыңғай жиынтық төлемді өтегендер арасында 42 500 теңгені нақты кім алмайтынын айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42 500 теңге алуға өтініштер қай уақытқа дейін қабылданады