Выйти
RU

КВИ бойынша республикалық және аймақтық мәліметтер неге сәйкес келмейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда КВИ бойынша статистикада неліктен республикалық және аймақтық мәліметтер кейде сәйкес келе бермейтінін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

КВИ бойынша республикалық және аймақтық мәліметтер неге сәйкес келмейді

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Коронавирус инфекциясы бойынша статистика күн сайын жүргізіледі. Біздің аймақтық департаменттер мен тест жүргізетін зертханалар ақпараттық жүйелер аясында КВИ жұқтырғандардың санын тіркеп отырады.

Мәліметтер минут сайын жаңаратындықтан әлбетте аймақтық деңгейде КВИ жұқтырғандардың саны бойынша жаңалық Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда жаңалау әрі жеделірек. Міне айырмашылық осындайда пайда болуы мүмкін", - деді Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 306 пациенттің жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Тағы да оқыңыздар

"Дайын емхананы жабық ұстау – қылмыс": Депутат ӘМСҚ жұмысына нарзылық білдірді

"Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз жансақтау мен анестезиология бөлімінде емделіп жатыр. Олардың саны – 306 адам. Ауыр жағдайда 265 сырқат, өте ауыр жағдайдағы 41 науқас бар. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған 67 науқас (коронавирус жұқтырған) ем қабылдауда. Инвозивті емес өкпені жасанды желдету аппаратында 133 сырқат жатыр. Өзінше демалатын оксигенотерапия алып жатқан сырқаттардың саны – 106. Өз бетінше демалатын науқастардың саны – 9265 науқас", - деді Сұлтанғазиев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
КВИ бойынша республикалық және аймақтық мәліметтер неге сәйкес келмейді