Выйти
RU

42500 теңгені заңсыз алғандар қандай жауапкершілікке тартылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 мың теңгені заңсыз алғандар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, жеке тұлға не кәсіпкер төлем алу шартына сай болса ғана өтініш беруі керек.

"Егер төлемді заңсыз алатындар анықталса, 42 500 теңгені төлеген сақтандыру қоры тарапынан төлемді қайтарып беру бойынша талап қоюы мүмкін. Жауапкершілік деген сол. Жұмыс беруші тарапынан ақысыз демалысқа кеткен, табысы шектелген азаматтарға өтініш беруі керек. Егер жұмыс беруші тұрақты жұмыс істеп жүрген азаматтары үшін өтініш берсе, бұл – заң бұзушылық, - деп түсіндірді министр. 

Тағы да оқыңыздар

Студенттер 42 500 теңге ала ма: Нұрымбетов жауап берді

Нұрымбетов ондай жағдай анықталса, қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін екенін жасырмады. 

"Мемлекеттік сақтандыру қоры өзінің талабын қойып, қаржыны қайта өндіруді талап етеді. Егер оны орындамаса, ол сотқа жүгіне алады. Әрі қарай барлығы соттың шешіміне байланысты болады. Сол себепті ертең қосымша сұрақ туындамас үшін табысынан айырылғандарға ғана өтініш беруі керек", - деп сөзін түйіндеді еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42500 теңгені заңсыз алғандар қандай жауапкершілікке тартылады