Выйти
RU

42 500 теңге: Министрлік декреттегі әйелдерге қатысты шешім қабылдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер 42 500 теңге төлем ала ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, декретте отырған аналар сәбиі бір жасқа толғанға дейін мемлекеттен немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алып жүреді. Сол себепті бала бір жасқа толғанға дейін олар 42 500 теңгеге үміттене алмайды.

"Ал енді бір жастан асса, бұл жерде өз жағдайына байланысты. Егер жұмысқа шығып, карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберілсе, әрине, жәрдемақы ала алады", - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Тағы да оқыңыздар

42500 теңгені заңсыз алғандар қандай жауапкершілікке тартылады

Сонымен қатар, жеке кәсіппен айналысатын немесе бірыңғай жиынтық төлемін тұрақты төлеп жүрген, ал қазір жұмыссыз қалған аналар 42 500 теңгеге өтініш бере алады. 

Еске сала кетсек, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айында төленетін 42500 теңгеге өтініштер қашан басталатынын айтты.

Сонымен қатар ол брифинг кезінде студенттер әлеуметтік төлем ала ма деген сауалға жауап берген болатын.

Министрдің сөзінше, заңнама бойынша студенттер экономикалық белсенді халықтың қатарына жатпайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42 500 теңге: Министрлік декреттегі әйелдерге қатысты шешім қабылдады