Выйти
RU

"Бала санын ескере отырып 42 500 теңге беру": Министр Аружан Саинға жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Аружан Саинның отбасындағы балалар санын ескере отырып, қазақстандықтарға 42 500 теңгеден аса төлеу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"42 500 теңгені балалардың санын ескере отырып төлеу": еңбек министрі Аружан Саинға жауап берді

Біржан Нұрымбетов. Фото: primeminister.kz: UGC

"Аружан Саинның айтуынша, 42 500 теңге алатын қазақстандықтың бірнеше баласы болуы мүмкін. Әлеуметтік жәрдемақылар отбасындағы балалардың санына байланысты тағайындалуы керек деп ойламайсыз ба?", – деп сұрады БАҚ өкілдері министрден.

Министр Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге бұл елдегі жалғыз әлеуметтік төлем емес деп жауап берді. Қазақстандағы "отбасы" мен "балалар" қатарына 8 мемлекеттік жәрдемақы және 3 әлеуметтік жәрдемақы бар. Мысалы, баланың тууына байланысты жәрдемақы, оған күтім жасау бойынша жәрдемақы, көп балалы отбасыларға арналған балалар саны ескерілетін мемлекеттік жәрдемақы, АӘК және т.б.

Тағы да оқыңыздар

42 500 теңге: Министрлік декреттегі әйелдерге қатысты шешім қабылдады

"Осы жәрдемақылар мен балаларға байланысты төлемдерге бөлінетін қаражат биыл 1,5 есеге өсті. Өткен жылы шығындар 372 млрд теңге болса, биыл 581,5 млрд теңгені құрап отыр", – деді министр.

Оның айтуынша, 42 500 теңге төлем карантин кезеңіндегі кірісті жоғалту негізінде төленеді. Бұл көмекті карантин шараларына байланысты табыстарынан айрылған жағдайда отбасындағы бірнеше адам алуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте 42 500 теңгеге өтінім беру мерзімдерін жариялады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бала санын ескере отырып 42 500 теңге беру": Министр Аружан Саинға жауап берді